Ақпараттық ұсыныс

«Самұрық-Қазына» АҚ «Жас Өркен» Бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылатын 2017 жылы ЖОО бітіретін талантты түлектерді іздеу, іріктеу және оқыту жөніндегі бастамасы туралы жариялайды.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттерін «Самұрық-Қазына» Қорының компаниялар тобында тағылымдар бағдарламасына қатысуға шақырамыз.
Біз ең талантты 20 студенттерден команданы қалыптастыру үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен түлектерді барынша тартуға мүдделіміз. Қазақстан Республикасының үздік компанияларында өз мансабын бастап, білікті маман болуға ниет білдірген 2017 жылғы түлектер (бакалавриат, магистратура) қатысуға шақырылады.
«Жас Өркен» бағдарламасы шеңберінде «Самұрық-Қазына» Қорының бизнес-серіктестерінің Deloitte және The Boston Consulting Group (BCG) қолдауымен Корпоративтік университеттің базасында оқыту шаралары өткізіледі. Бағдарламаның міндетті компоненті – 2 жыл бойы компаниялардың топ-менеджерлерінің тәлімгерлігімен Қордың компаниялар бөлімшелерінде 5 айлық тағылымдамалардан өту. Конкурс жүлдегерлеріне ай сайын шәкіртақы (стипендия) төленіп отырады, сонымен бірге тағылымдама жүргізілетін жерге дейін жолақысы және тұру үшін ақы төленеді.
Конкурстың шарттары мен қатысушыларына қойылатын талаптар туралы толық ақпарат – www.skcu.kz/zhasorken сайтында.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2017 ж. 1-шілдесіне дейін.

 

Ақпараттық ұсыныс Ақпараттық ұсыныс
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL