«Жемқорлықты алдын алудың әлеуметтік және құқықтық факторлары » тақырыбында дәріс
2017 жылдың 20 сәуір «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси-пәндер» кафедрасының магистрлері Н.Е. Тутинова және Б.Р. Маханова Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясынан құқық магистрі, аға лейтенант Боранович Тусупбеков Алибекті шақыруымен ҚР Президенті мемлекет басшысы Н.А. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және жүзеге асыру бойынша «Жемқорлықты алдын алудың әлеуметтік және құқықтық факторлары» тақырыбында дәріс ұйымдастырып, кездесу өткізді. Студенттер тақырып бойынша талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларын айтты.