Қазақстан халықтары Ассамблеясы достығы үйінде өткен сабақ
2017 жылы 4 мамырда аға оқытушылар Байгожина Г.М. мен Шукушева Е.В. МО-31, МО-32 топтарымен бірге «Этносаралық қатынастар мен сепаратизм» пәнінің шеңберінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы достығы үйіне барды. Бүгінде біздің облыста 74 этномәдени бірлестіктер қызмет жасап, біртұтас үлкен жанұяға – Қазақстан халықтарының Ассамблеясына бірігіп отыр. Студенттер аталмыш ұйымның қызметімен танысып, облыста тұрып жатқан ұлттардың тарихы және мәдениетімен танысты.