Саяси репрессия құрбандарына арналған мұражайға саяхат
Жеңіс күнінің қарсаңында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Мусаева Э.А. МО-11к, МО-14с/к топтарына Долинка ауылында орналасқан саяси репрессия құрбандарына арналған мұражайына саяхат ұйымдастырды. Мұражай 1933-1935 жылдары соғылған бұрынғы Карлаг басқармасының мекемесінде орналасқан. Студенттер тарихтың мыңдаған адамдарды жалмаған ең қайғылы парақшаларымен танысып, үлкен әсерде қалды.