"Банк ісі" кафедрасы оқытушыларының «Соңғы қоңырау» іс-шарасына қатысуы
2017 ж. 25 мамырда Қарағанды қалалық Орталық Саябағында «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналаған іс-шара ұйымдастырылды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында "Банк ісі" кафедрасы оқытушылары доцент Борисова Е. И. және аға оқытушы Ермекова К. А. аталмыш іс-шараға белсене қатысты.
Оқытушылар мектеп түлектеріне ҚҚЭУ атынан құттықтау сөздерін және жылы сөз лебіздерін айтты. Сонымен қатар оқытушылар мектеп түлектеріне университет және оның ұсынатын мамандықтары жайлы буклеттер таратты.