ЭРАСМУС + (CACTLE) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БАЗАСЫНДА ОҚЫТУ, ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ
2017 жылдың 23 маусымында Қарағанды экономикалық университетінде ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор М.Р. Сихимбаев пен Грантхолдер университетінен (Вена экономика және бизнес университеті, Австрия) Эрасмус + (CACTLE) жобасының үйлестірушісі, д-р Герхард Гейсслердің кездесуі болды.
Жоба ЖОО-лар оқытушыларының оқыту шеберлігін жетілдіру, ЖОО-лар мен кәсіпорындар қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру мүмкіндіктерін жасау, кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту саласында студенттерді оқыту мақсатында, әлеуметтік-экономикалық субъектілер ретінде, орталық азия ЖОО-лары мен кәсіпорындары арасындағы қатынастарды дамыту және нығайту үшін «Оқыту, үйрету және кәсіпкерлік Орталық Азия орталығын - CACTLE» құруға бағытталған.
Еңбек нарығының қажеттіліктері мен елдің индустриялы-инновациялық даму міндеттерін қанағаттандыратын, жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне жету, білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келу, олардың біліктілігін жетілдіру арқылы ЖОО-лар оқытушыларының біліктілік портфолиосын байыту, жобаның өзектілігі болып табылады.
Кездесу барысында атқарылған жұмыстың нәтижелері талқыланды, сондай-ақ ҚҚЭУ-де Эрасмус + (CACTLE) халықаралық жобасын одан әрі жүзеге асыру үшін стратегиялық бағыттар белгіленді.