Туризмнің тұрақты дамуы үшін интерактивті технология
2017 жылдың 21 қарашасында «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының аға оқытушысы Флек А.А. «Интерактивті техгологияларды еңгізу — туризмді дамытудың тұрақты факторы ретінде» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарында «Туризмдегі электронды сатуды дамытудың негізгі тенденциялары» атты баяндамамен қатысты. (нәтижесі - сертификат). Семинар «Туран-Астана» университетінде өткізілді. (қ. Астана).
Семинарға қатысқандар: ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің туризм индустриясы Комитетінің төрағасы Мурзамадиева М С., «Туран-Астана» университетінің ректоры Джапарова Г.А., аймақтың әкімшіліктің өкілдері, туристік агенттіктердің және еліміздің алдыңғы қатарлы туроператорларың өкілдері, туризм саласына мамандарды даярлайтың ЖООның оқытушылыары, студенттер мен магистранттар.