Рухани Жаңғыру, 26 жыл құру жолында: «Біздің Отанымыз – Қазақстан!»
Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған: «Біздің Отанымыз – Қазақстан!» тақырыбында конкурс-фестиваль өтті. Оған тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚҚЭУ әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, ғылыми сараптау тобының мүшесі Абилов К.Ж., п.ғ.к., доцент, ӘЖ және ҚХА кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М.К., ф.ғ.к., профессор, ғылыми-сараптау тобының мүшесі Клишина М.В. жыл нәтижесі бойынша конференцияларды ұйымдастыру және өткізу, материалдарды жинақтап, жариялауға дайындағандығы үшін, белсенді және жемісті жұмыс жасағандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.