Мектеп оқушылары арасында өткен Қазақстан тарихы бойынша пәндік олимпиада
9 желтоқсан 2017 жылы ҚҚЭУ ӘЖ және ҚХА кафедрасының оқытушылары Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» шеңберінде « Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қарағанды қаласының жалпы білім беру орта мектептерінің 11-сынып оқытушылары арасында интеллектуалды пәндік олимпиадасы ұйымдастырылып өткізілген.
ҚҚЭУ –нің негізінде өткізілген мектеп аралық пәндік олимпиадада барлығы Қарағанды қаласының ЖББОМ 31 мектебінің 252 оқушылары қатысқан.
Олимпиаданы өткізу мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Қазақстан тарихы бойынша білімдерін шыңдау.