«ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойыны

«ТІЛ  БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойыныҚазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің «Орыс және шет тілдері» мен «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедралары бірігіп, кәсіптік бағдар беру жұмысының шеңберінде Қарағанды қ. жалпы білім беретін оқу орындарының 11 сынып оқушылары арасында «ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойынын өткізді. Зияткерлік ойын Университетті таныстырумен басталды. Ойын барысы үш кезеңнен тұрды.
I- ші кезең таныстыру (қазақ, орыс,ағыншын тілдерінде )
II- ші кезең сұрақ-жауап (Қазақстан тарихы,әлем тарихы,география,әдебиет пәндері бойынша)
III - ші кезең ертегілер көрінісі (қазақ, орыс,ағыншын тілдерінде). Әсіресе, ағылшын тілінде көбірек сөйледі.
Зияткерлік ойын көпшіліктің көңілінен шығып, өте қызықты өтті. Оқушылар да үлкен әсермен қайтты. Нәтижесінде қатысушылар мақтау қағаздарымен,грамоталармен марапатталды.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus