«Дари добро» қайырымдылық акциясы
Жақында, Есеп-қаржы факултетінің Студенттік кеңес ұйымдастырған "дари добро" атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің басты мақсаты - балалар үйіне көмектесу үшін ақша қаражаттарын жинау. Жәрмеңкеде Студенттік кеңестің мүшелерімен дайындалған дәмді тағамдары сатылды. Жиналған ақшаға, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық балалар үйіне сыйлықтар сатып алу үшін пайдаланылды. Кеште ойын-сауық бағдарламасы өтті және балаларға сыйлықтар табыс етілді .Балалар бізді сүйіспеншілікпен қабылдады. Кеш барысында әңгімелестік, ойнап, күліп, ән айтып, би биледік. Осы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысқандардың барлығына үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Жақсылық жасаңыз, ол сізге оралады ...!