«Сананы жаңғырту–болашаққа қадам» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
30 наурыз 2018 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Сананы жаңғырту–болашаққа қадам» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның ұйымдастырушылары бизнес және құқық факультеті мен «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы.Конференцияның идеологиялық негізі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты мақаласы болды.
Конференцияның халықаралық деңгейінде Қазақстан мен көршілес елдердің студенттерінің кең аудиториясына қол жеткізілді.
Конференцияға өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесін 35 мектеп оқушылары, 40 колледж оқушылары, 144 студент ҚММУ, ҚҚЭУ, ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚР ІІМ Қостанай академиясы ұсынды. Шетелдік жоғары оқу орындарынан БашМУ Стерлитамак филиалы, Сібір мемлекеттік университеті, Оңтүстік-Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Ресей-Тәжікәлеуметтік университеті, Сібірхалықаралық қатынастар және шетелдік дінтану институты, РФ ІІМ университеті, ММУ филиалы (Астана қ.) студенттері қатысты.Конференция қатысушыларын әлеуметтік мәселелер бойынша проректор, т.ғ.д., профессор Абилов Қ.Ж. және «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы жетекшісі Жусупов А.Н. құттықтады. Модераторлардың жетекшілік етуімен қоғамның рухани жаңғыруы, қоғамдық сананың жаңғыртылуы, ұлттық идея Мәңгілік ел – тарихи және мәдени мұраның қайта жаңғыртылуы; Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі; Қазақстанның мәдени-географиялық белдеуі және туризмнің дамуы;діни экстемизмге қарсы әрекет көрсетуде құқықтық шаралар мен халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру, ұлтаралық келісім мәселелері қарастырылды. Конференцияның барлық қатысушылары сертификат алады.