«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша X Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы
2018 жылдың 29 наурыз күні Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Х Республикалық студенттер олимпиадасы өтті.
Осы олимпиадаға Букатов Е.Б жетекшілігімен университетіміздің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенттері Бекетова А.С , Қасымхан Н.А құралған «Әділет» командасы қатысты.
Қазақстанның ЖОО құралған 21 топ қатысқан олимпиадада «Әділет» командасы ұсынған «Stopzhemkor» жемқорлықпен күресу жүйесі» инновациялық жобасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.