«Қазақ тілінде 100 жаңа оқу құралы» жобасын талқылауға арналған «Жоба: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу құралы» тақырыбында дөңгелек үстел және көрме
2018 жылдың 11 мамырында Қазақстан халқы Ассамблеясының күніне орай Қарағанды экономикалық университетінде Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы және ҚҚЭУ ккітапханасы «Қазақ тілінде 100 жаңа оқу құралы» жобасын талқылауға арналған «Жоба: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу құралы» тақырыбында дөңгелек үстел және көрме өткізді.
Баяндама оқыған спикерлер:
1. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Әбілов Қ.Ж.
2. ф.ғ.к., «ӘЖ және ҚХА» кафедрасының профессоры Клишина М.В.
3. Кітапхан директоры, магистр, аға оқытушы Джабаева Г.Н.
Президент өз сөзінде «біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз көп жылдар бойы дүниеге бір көзқарас шеңберінде сақталды». Енді «біз тек инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, сондай-ақ қазіргі заман мен болашақты түсінетін адамдар» туралы, 12 сәуірде Астана қаласында ұсынылған «Қазақ тіліндегі 100 ең үздік оқулық» жобасының шеңберінде аударылған және жарияланған алғашқы 18 кітап сипатталды.
Спикерлер әлемге әйгілі оқулықтардың авторларының зерттеу жұмыстарына сипаттама берді және қазірдің өзінде қазақ тіліне аударылғандардың, атап айтқанда, философия бойынша 4 кітап, әлеуметтану және лингвистика бойынша 2 кітап, психология бойынша 3 кітап, дінтану, мәдениеттану, антропология және журналистика бойынша 1 кітаптардың, сондай-ақ кәсіпкерлік, экономика және басқару бойынша кітаптардың қысқаша мазмұнын ашылды.
Дөңгелек үстел барысында магистранттар мен студенттер спикерлерге басқа кітаптардың аударылу мерзімдері туралы және аударылған кітаптарды пайдалану мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойылды. Кітапхана директоры аудиторияға ағымдағы айда кітаптардың түсетіні мен оларды келесі оқу жылында оқу үдерісінде қолдану мүмкіндігі туралы хабардар етті.