Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті докторантының Прагадағы шетелдік ғылыми тағылымдамасы
2018 жылдың 27 мамырынан 09 маусым айының аралығында 6D051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының докторанты Ставбуник Елена Прага экономикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама барысында келесідей тақырыптық семинарлар тыңдалды: «Мемлекеттің инновациялық саясатының адами ресурстарға ықпалы және Еуропалық Одақ жағдайындағы олардың әлеуеті» (PhD, Яна Коуржилова), «2020 жылға дейінгі инновациялық даму Стратегиясы шеңберінде Чехия Республикасы өңірлерінің заманауи жағдайы» (өңірлік зерттеулер кафедрасының меңгерушісі Петр Тотх). Докторант Ставбуник Е.А. танымал профессор Томаш Матуланың «Чехия Республикасында инновациялық белсенді бизнес үшін қолайлы инновациялық климатты қалыптастыруға мемлекеттік институттардың қатысуы және олардың өзара әрекеттесуі» атты мастер-класқа қатысты. Докторанттың Чехия Республикасы Инвестициялық агенттігінің басшылығымен және ЧР өнеркәсіп және сауда Министрлігінің қызметкерлерімен кездеуі өте қызықты әрі тиімді болды. Кездесу барысында докторантқа Чехиядағы инновациялық жобаларды инвестициялау ерекшеліктерімен, сонымен қатар чехиялық кәсіпорындардың инновациялық дамуының стратегиялық бағдарламаларымен танысу мүмкіндігі ұсынылды.
.