Ғылыми онлайн-семинар: «Туризмде кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру және компанияны стратегиялық басқарудағы адами ресурстарды белсендіру сұрақтары»
2018 жылдың 13 маусымында Қосымша және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті және Халықаралық бағдарламалар, жобалар және академиялық ұтқырлық орталығы мен экономика және кәсіпкерлік, менеджмент және инновациялар кафедраларымен бірлесе отырып, «Экономика» және «Менеджмент» мамандықтарының докторанттарына шетелдік ғылыми кеңесшілерімен онлайн-семинар өткізілді.
Салауатова Д. және Тасболатова Б. докторанттардың шетелдік ғылыми кеңесшісі болып тағайндалған - экономика ғылымдарының докторы, Белгород мемлекеттік ұлттық ғылыми-зерттеу университетінің (Ресей) туризм және әлеуметтік-мәдени сервис кафедрасының профессоры Слинкова О.К. Диссертациялық жұмыстың мәселелерін талқылау барысында отандық ғылыми жетекшілері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Т.П. Притворова және экономика ғылымдарының докторы, профессор А. Тлеубердинова сөз сөйледі. Өткізілген ғылыми онлайн-семинар ғылыми зерттеушилер үшін де, КЭУК және ҰҒИ БелМУ өкілдері үшін де практикалық маңызға ие болды.