«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағы

«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағы2018 жыл 25 қыркүйекте Әлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасының аға оқытушысы М. А. Алпысбаеваның жетекшілігімен «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары студенттерімен бірлесіп «Кредо» кеңес беру орталығында көшпелі сабақ ұйымдастырылды (Теміртау қ.). Сабақ барысында студенттер Кеңес беру орталығының негізгі жұмыс бағыттарымен, орталықтың пациентерімен әлеуметтік қызметкердің жұмыс істеу бағыттарымен, қарт адамдар сондай-ақ Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы балаларымен психоәлеуметтік жеке жұмыс жасау негіздерімен танысты.
«Кредо» кеңес беру орталығының мақсаты – қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік жағынан демеу.
Бүгінде орталық «1-2 топтағы мүгедектер мен қарттарға арнайы қызмет көрсету» бойынша әлеуметтік жобаға тапсырыс аясында жұмыс істеп келеді. Жобаның мақсаты үлкен жастағы адамдардың мүмкіншіліктерін психоәлеуметтік жұмыстарға және балалар тәрбиесінде пайдалану.

 

«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағы

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL