«Good Zone» коворкинг-орталығын таныстыру

«Good Zone» коворкинг-орталығын таныстыру2018 жылдың 12 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Достық» Коворкинг орталығынының ұйымдастыруы арқылы «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» ҚБ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында «Good Zone» коворкинг-орталығының таныстырылымы өтті. Орталық келесі салалар бойынша көмек көрсетуді көздейді: заңгерлік қолдау, ақпараттық кеңестер, семинарлар, өзін-өзі дамыту және өмір сапасын жақсарту, идеяларды талқылау және оларды шындыққа айналдыру, маркетингке көмектесу.Сонымен қатар, кездесу барысында «Сарыарқа» ӘКК өкілдері өздерінің қызметі және студенттік ғылыми қоғаммен әріптестігі туралы ақпарат беріп кетті. Кездесудің соңында қатысушылар жиналыс ұйымдастырушыларына сұрақтар қойды. Кездесу барлық мүдделі тараптар үшін өте қызықты және жемісті өтті.

 

«Good Zone» коворкинг-орталығын таныстыру «Good Zone» коворкинг-орталығын таныстыру
«Good Zone» коворкинг-орталығын таныстыру «Good Zone» коворкинг-орталығын таныстыру
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus