Хакатонның белсенді қатысушылары

Хакатонның белсенді қатысушыларыАғымдағы жылдың 16-18 қазан аралығында университет қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қарағанды облысының колледж және ЖОО студенттерінің арасында «IT-WEEKEND.KZ-2018» тақырыбында хакатон өткізілді. Аталмыш сайысқа Экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару кафедрасы, ГМУ-31к тобының, Жолдыбай Алтынай, Омаров Айбар, Кунанбаев Саяхат студенттері белсене қатысқандары үшін сертификаттарға ие болды. Ғылыми жетекшісі: магистр, оқытушы Ертай Хуанбек.

Өткізілген хакатон IT-кәсіпкерлік тақырыбына арналған, сайысқа Қарағандыдағы ЖОО белсенді қатысты. Қатысқан топтар ақпараттық технологиялар тақырыбында түрлі ситуациялық мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Үш күндік шара барысында қатысушыларға ақпараттық технологиялар бойынша үздік шетелдік және қазақстандық мамандар тарапынан мастер-класстар өткізілді.

Хакатонның белсенді қатысушылары

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL