«Руханилық және шығармашылық - қазіргі білім берудің мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар
«Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы аясында мемлекеттік құрылым қызметкерлері мен жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, сондай-ақ отандық және шетелдік ғылыми-педагогиалық мамандар, докторанттар, магистрлар, студенттер қатысқан«Руханилық және шығармашылық - қазіргі білім берудің мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізді.
Стар Загордың Трака университетінің (Болгария) профессоры, э.ғ.д., Генчо Вълчевтің «Әлеуметтік қорғау: еуропалық тәжірибе» және «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры (Қазақстан) Пономарева Светлананың «Шығармашылық мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту құралы ретінде» атты баяндамалары қызығушылық пен өткір талқылауды тудырды.
Семинарға қатысушылар бірауыздан білім беруде тек жеке тұлғаға және оның шығармашылық мүмкіндіктері мен рухани әлеміне баса назар аудару қоғамның экономикалық-қоғамдық дамуының тиімді факторы болып қалады деген тоқтамға келді.