ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің коворкинг орталығында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы туризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Гелиос», «Меридиан», «Керемет» туристік агенттіктерінің басшылары, сондай-ақ, «Рубин», «Космонавт», «Абиба» мейрамханалары мен қонақ үй бизнесі өкілдері қатысты.
Негізгі мәселе - туристік өнімдердің сапасын арттыру және туристік ұсыныстарды кеңейту үшін туристік фирмалардың, қонақ үйлердің, авиакомпаниялардың, көлік компанияларының азық-түлік кешенінің бірлескен күш-жігерін біріктіру.