Ақпараттық хат

Ақпараттық хат

Тәуелсіздік күні бүкіл әлемде мемлекеттіліктің негізін бейнелейтін маңызды мерекелердің бірі ретінде атап өтіледі. Қазақстан үшін Тәуелсіздік күні мемлекеттік егемендіктің идеясын бейнелеу ретінде тарихқа түсті. Бұл күннің маңыздылығы - ол Қазақстан халықтарының бірлігі сезімін нығайтады. Жыл сайын желтоқсанда дәстүр бойынша барлық қазақстандықтар осы басты мерекені салтанатты түрде атап өтеді.
Осылайша, 2018 жылдың 6 желтоқсанында МО-32 тобының студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған викторина өткізді. Викторинаға «Халықаралық қатынастар» және «Әлемдік экономика» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.
Викторинаның қорытындысы бойынша үшінші орынды MЭ-12 тобы, екінші орынды MO-12 және бірінші орын - MO-11к алды.
Бұл іс-шара студенттердің патриотизмін дамытуға, мемлекетке құрметпен қарауды, халықтың салт-дәстүріне оң көзқарас қалыптастыру, Отан тағдырына қатысты сезімін дамытуға септігін тигізді.

 

Ақпараттық хат Ақпараттық хат
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL