«Шығармашылық арқылы рухани жаңғыру» студенттік шығармашылық жұмыстар конкурсы.
ҚЭУК-де «Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы университет кітапханасында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шығармашылық арқылырухани жаңғыру» атты студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесін өткізді. Студенттер «Туған жер», «100 жаңа есім», «Латын тілі», «Қасиетті география», «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» және «100 жаңа оқу құралы» тақырыптарында суреттер ұсынды.
Байқаудың мақсаты студенттердің идеяларын шығармашылық іске асыруға, студенттердің отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға, толерантты әлемдік көзқарас пен рухани ағартуға жағдай жасау болып табылады.
Шығармашылық сайысқа белсене қатысқаны үшін студенттер дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.