Жастар және Қазақстанның болашағы
2019 жылдың 29 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті және Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, колледж және жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Жастар және Қазақстанның болашағы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның алты бағыты бойынша 400-ге жуық қатысушы өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынды: «Мәңгілік ел – жастардың азаматтығы мен патриотизмін дамытудың негізі, тарихи және мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу»; «Құқықтық ғылымның теориялық және практикалық аспектілері: қазіргі заманғы жастардың көзқарасы»; «Жастар және кәсіпкерлік: инновациялық идеялар, тәсілдер мен шешімдер»; «Жастарды рухани-адамгершілік дамыту және құқықтық тәрбиелеу мәселелері»; «Жастардың иннофациялық қызметі экономикалық өсу факторы ретінде»; «Жастар денсаулығы – еліміздің табысты болашағының негізі».
Конференцияның халықаралық деңгейі шетел студенттерінің кең аудиториясына қол жеткізуге мүмкіндік берді: Тракий университеті (Болгария), Тәжік мемлекеттік сауда университеті, Қырғыз Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитеті институты, В.Я. Кикотя атындағы Ресей ІІМ Мәскеу университеті, Новосибирск мемлдекеттік педагогикалық университеті Ресейдің бірінші Президенті Б. Ельцин атындағы Урал федералдық университеті, Сібір мемлекеттік геожүйе және технология университеті, Башқұрт мемлекеттік университетініғ Стерлитамак филиалы, Чебоксары кооперативтік университеті.
Конференцияға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері белсенді қатысты: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясы; Қарағанды қаласының ЖОО: Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ, ҚарМТУ; Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері.
Конференцияға қатысушыларды жастар саясатын іске асыру, азаматтық пен патриоттықты дамыту, құқықтық мәдениет, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына жастардың инновациялық идеялары және қазіргі заманғы жастардың орнын енгізу мәселелері қызықтырды.