Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында "Қаржы" мамандығы бойынша ХІ Республикалық пәндік олимпиадасы
Қарағанды экономикалық университетінің қабырғасында "Банк менеджменті және қаржы нарықтары" және "Қаржы" кафедраларының ұйымдастыруымен, сондай-ақ "Рухани Жаңғыру", "Жастар жылы" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан ЖОО студенттері арасында "Қаржы" мамандығы бойынша дәстүрлі ХІ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.
2018 жылы 29 наурызында ҚҚЭУ қабырғасында "НАРХОЗ Университеті" АҚ, Еуразия гуманитарлық институты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық университеті Әл-Фараби атындағы, Қостанай инженерлік-экономикалық университеті М. Дулатов атындағы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік,"Тұран" университеті Алматы қаласы, "Тұран-Астана" Университеті зияткерлік оқу орындарының студенттері ойынға белсенді қатысып, сайыста жаңа форматтағы ең креативті, ақылды, инновациялық, бірегей, тапқыр және ақылды банкирлерді анықтады.
Олимпиаданың басты төрешілері Қарағанды қаласының жетекші банктері мен компанияларының топ-менеджерлері болып тағайындалды.
Олимпиадаға қатысушы барлық студенттер қаржы саласында жоғары білімдерін көрсетті. Өткір зияткерлік күрес қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-ші дәрежелі Диплом: "НАРХОЗ Университеті" АҚ, Алматы қ.;
2-ші дәрежелі Диплом: Қазақ ұлттық университеті. Алматы қ. Әл-Фараби және "Тұран" университеті Алматы қ.;
3-ші дәрежелі Диплом: Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы қ., І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті мен "Тұран –Астана" университеті Нұр-Сұлтан қ.
Сондай-ақ, жүлделі орындарға ие болмағандарға алғыс хаттар табыс етілді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!