«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі – 2019»

«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі – 2019»

17 сәуір күні сағат 10.00-де Қарағанды экономикалық университетіңде «Қарағанды калалык жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ бірлесе отырып, мемлекеттік мекемелердің, ІТ-компаниялардың, өндірістік компаниялардың жетекші мамандары мен басшылары (50 мекеме) қатысуымен университеттің бітіруші курс студенттері мен өткен жылдардағы түлектерге арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі - 2019» өтті.
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі - 2019» іс-шарасы барысында жұмыс берушілер студенттермен әңгімелесті, студенттер компания қызметінің түрлері, қазіргі және ықтимал бос жұмыс орындары, компаниялардың жоспарлары туралы ақпаратты белсенді түрде нақтылады. Жұмыс берушілер студенттермен экспресс-әңгімелесу өткізді, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, түйіндемелерді іріктеп алды, қандай да бір позицияда жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндірді.
Шақырылған жұмыс берушілерге “COMPLETE” және “CACTLE” жобалар Ресурстық орталығының қосымша оқыту бағдарламалары туралы, сондай-ақ жақын арада оқыту бағдарламаларының жоспары туралы ақпарат берілді. Компанияның жекелеген өкілдері алдағы уақытта жұмыс жүргізілетін ұсынылып отырған оқуға қызығушылық танытты.

 

«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі – 2019» «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі – 2019» «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі – 2019»
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL