Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан!» дөңгелек үстел
Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушысы С. К. Айтхожина 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан!» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына СР-11 к және ТД-11 к топтары қатысты. Қатысушылар мерекенің пайда болу тарихы бойынша баяндама жасады. Студенттер Қазақстан аумағында тұратын этностық мәдениеттерді құрметтеудің және сақтаудың маңыздылығын атап өтті.