Ұлы Отан соғысы жеңісінің 74 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 74 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияҚарағанды экономикалық университетінің "Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар" кафедрасы Кубан мемлекеттік аграрлық университетінің серіктестерімен екі ЖОО арасындағы ынтымақтастық келісімі аясында онлайн-кездесу өткізді. "Екі ел жастарының санасында Ұлы Отан соғысы туралы тарихи естелік" атты конференция, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығына арналды.
ҚЭУ студенттері, Есекеева Анетта, Жеңісхан Гүлімай (жетекшілері Калиева Г. К., Сапар А. Д.) барлық адамзат үшін фашистік Германияны жеңудің тарихи рөлін ашатын мазмұнды баяндамалар дайындады.
Екі елдің студенттері арасында өткен диалог қазіргі жастардың әлемдік бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға деген ұмтылысын, олардың Ұлы Отан соғысы тарихын білу, аға ұрпақтың ерлігіне деген құрметін көрсетті.

 

 

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 74 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus