«Тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбандары»
2019 жылдың 31 мамырында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел болды. Осы күн, 1997 жылдан бастап, біздің елімізде жыл сайын ешқандай кінәсіз, большевиктердің жаппай қуғын-сүргін жасау дәуірінен, аштықтан және жер аударудан жапа шеккендерді еске алып, оларға құмет көрсету ретінде аталып келеді. Дөңгелек үстелде т.ғ.д., профессор Қ.Ж.Әбілов, ӘЖ және ҚХА кафедрасының аға оқытушысы С.Ш.Мұстафин және А.Бәдел сөз сөйледі. Олар жиналған студент жастарға қуғын-сүргіннің себептері туралы, Қазақстанның қуғын-сүргінге ұшыраған ұлттық интеллигенция қайраткерлерінің тағдыры, Қазақстанға күштеп жер аударылған КСРО халықтарының тағдыры туралы, жаппай жайлаған аштықтың зардаптары жайлы айтып, студенттердің көптеген сұрақтарына жауаптар қайтарды.