«Қазақстан Республикасында есірткінің заңсыз айналымы мен оған салынушылықтың алдын алу және күресу шараларын жетілдіру» дөңгелек үстелі
2019 жылдың 13 қыркүйегінде, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Ғылыми-білім беру орталығында «Қазақстан Республикасында есірткінің заңсыз айналымы мен оған салынушылықтың алдын алу және күресу шараларын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру жобасы бойынша «Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың аналогтарының заңсыз айналымына қарсы тұрудың қылмыстық-құқықтық және криминалогиялық меселелері» тақырыбы аясында өткізілді.
Дөңгелек үстелге ғалымдар мен сарапшылар, сонымен қатар Қарағанды қаласының ғылыми құрылымдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылармен Қазақстан Республикасындағы есірткі бизнесіне және оған салынушылыққа байланысты келесі проблемалық аспектілер талқыланды:
- Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың аналогтарының заңсыз айналымына қарсы тұру және сол мақсатта үй-жайларды ұсынудың қылмыстық-құқықтық және криминалогиялық меселелері
- Кәмелетке толмағандардың есірткіге тәуелділігінің себеп-факторлық кешендері және алдын алу бойынша негізгі шаралар
- Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының білім беру ұйымдарында таралуына қарсы тұру
- Есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарының заңсыз айналымы саласындағы ұйымдасқан қылмыстық әрекетті тергеу мәселелері
- Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқық қолдану мәселелері
- және есіркіге байланысты басқа да өзекті мәселелер
Дөңгелек үстелге қатысушылар талқыланатын тақырыптың өзектілігіне тоқталып, оның Қазақстанда, Орталық Азия аймағында және әлемде болып жатқан өзгерістердің жоғары динамикасымен, ең алдымен трансұлттық қылмыстың, терроризмнің, экстремизмнің күшеюімен, жаңа топтардың пайда болуымен байланысты жаңа қауіптердің пайда болуымен байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, мамандар нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес шараларын жетілдіру қажеттігін алға тартты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.