Еріктілер жылына арналған кездесу
«Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары Нихамбекова А.Б., Бадел А.Б., Нурмуханова Н.Т. университет жатақханасында студенттермен кездесу өткізді. Кездесу ҚҚЭУ-да Волонтерлік қозғалыстың даму перспективаларын талқылауға арналды. Студенттер Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылды ҚР-да волонтер жылы деп жариялау туралы бастамасымен танысты, ҚҚЭУ-дегі еріктілер қозғалысының өз ойын ортаға салды.
Студенттер, соның ішінде «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері қарт адамдарға, балалар үйлеріне, мамандандырылған медициналық мекемелерге және балаларға қандай да бір көмекті қажет ететін адамдарға ерікті және тегін көмек көрсетеді.