Халықаралық (кафедралық) студенттік конференция "Жас зерттеушілер форумы"»
2019 жылдың 16 қазанында Маркетинг және логистика кафедрасы жыл сайынғы «Жас зерттеушілер форумы» атты халықаралық (кафедралық) студенттер конференциясын өткізді. Оған Уфа, Екатеринбург, Көкшетау, Алматы, Теміртау, Астана, Тараз және Қарағанды студенттері мен магистранттары қатысты.
Конференция келесі бағыттар бойынша экономиканың түрлі салаларындағы өзекті мәселелерді қарастырды:
1Цифрлық экономикадағы заманауи бизнестің дамуы;
2Цифрландыру дәуіріндегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы;
3Қазақстандағы қызмет көрсету нарығының дамуына инновациялық көзқарас;
4«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың құқықтық аспектілері.
Конференция материалдары бойынша ISBN берілетін электронды жинақ құрастырылады.