20-23 қазан аралығында Мәскеуде «Жас ғалымдар!» Ресей-Қазақстан жастар форумы өтті.
Форумның негізгі міндеттері:
- Ресей мен Қазақстан Республикасының оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
- ғылыми салада бірлескен ресейлік-қазақстандық жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін жағдай жасау;
- халықтардың достығын, өзара іс-қимылы мен өзара түсінушілігін қолдау және нығайту.
Форумның бағдарламасына пікірсайыс алаңдары бар білім беру бағдарламасы кірді, оның барысында ресейлік және қазақстандық жастардың өкілдері жұмыс тәжірибесімен, ғылыми зерттеулермен алмасты, сондай-ақ екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырудың негізін қалады.
Қатысушылар категориялары:
- Ресей және Қазақстан университеттерінің студенттері;
- аспиранттар мен 35 жасқа дейінгі жас оқытушылар.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің атынан Экономика және менеджмент факультетінің студенттері Мұсабекова Дилаар (MН-18-4с тобы) және Иманғалиев Ақылбек (Э-18-3с тобы) қатысты.