Жоғары оқу орындар арасындағы жастар конференциясы
22 қарашада 104 аудиторияда "қазіргі заманғы ғылымның өзекті мәселелері: Жас ғалымдардың көзқарасы"атты жоғары оқу орындары арасындағы жастар конференциясы өтті. Аталған конференция аясында ҚЭУ магистранттары мен докторанттары белсенді қатысты, соның ішінде "Мемлекеттік және жергілікті басқару" және "Экономика" КП 2 курс докторанттары Битенова Бағдат пен Букатов Ерік, сондай-ақ "құқықтану" КП 1 курс магистранты Қанатұлы Жанайдар өз баяндамаларын оқыды.