Абай болыңыздар, сүңгі!
Қалың қардың түсуі нәтижесінде үйлердің, ғимараттардың төбелерінде қар жиналып, мұз сүңгілері пайда болады. Олар төбеден құлап, адамдардың жарақаттануына жарақатқа алуына әкеліп соғуы ықтимал.
Осыған байланысты, төбе ернеулерін қауіпсіз жағдайға келтіру үшін, уақытылы және түбегейлі шаралар қолдану қажет. Мұндай жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі болмаса, жаяу жүргіншілер жағындағы қауіпті учаскелерді жіппен қоршап, ескерту белгілерін қою қажет.
Азаматтық қорғаныс штабы сүңгілердің құлауы салдарынан жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында университет студенттері мен қызметкерлеріне мынадай қауіпсіздік шараларын
ұсынады:
- Ескерту белгілері қойылған жерлерді айналып өтіңіз;
- Жоғарыдан шу естісеңіз, адымдап тез жүруге тырысыңыз;
- Көшеде құлаққап киіп жүрмеңіз, сіз төбеден құлап келе жатқан қардың дыбысын естімей қаласыз;
- Төбенің құламасы бар үйлерге жақындамаңыз;
- Электр беретін құрылғылардың желілерінен, ғимараттардың және басқа да нысандардың төбе ернеулерінен қардың құлауы мүмкін жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- Төбеден құлайтын қардан және мұз сүңгілерінен сақ болыңыз!
Ата-аналар өз балаларына үйлер мен ғимараттардың маңында жүру ережесін сақтауды үйрету қажет. Қауіпті шатырдың астында ойнау қайғылы
оқиғамен аяқталуы мүмкін.
АҚ штабының бастығы Н.Әлімқұлов