Алғыс айту фестивалі

Алғыс айту фестивалі2020 жылдың 28 ақпанында Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай университетте Алғыс айту фестивалі өтті. Алғыс айту күні - бұл Президенттік бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні, соның арқасында Қазақстанда жалпыұлттық бірліктің бірегей моделі құрылған. Мереке қазақ халқының ұлылығы, қонақжайлылығы, мейірімділігі мен ынтымағы дәстүрлерінен бастау алатын тарихи дәстүрлерге негізделген.
Фестивальде Орыс, Корей, Татар, Неміс, Өзбек және Әзірбайжан мәдениеті таныстырылды, онда студенттер ұлттық тағамдар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ұсынды, ұлттық костюмдер мен шығармашылық нөмірлер дайындады. Байқау бағдарламасын қазылар алқасы бағалады, оның қорытындысы бойынша номинациялар бөлінді: "Үздік ұлттық тағам" біріншілік Орыс ас үйі, "Үздік ұлттық костюм" - Неміс ұлттық костюмі, "Үздік шығармашылық нөмір" - Корей халық биі, "Үздік халық презентациясы" - Өзбек халқы.
Бұл күні қуаныш, жылу, игілік және бейбіт аспан тілейміз. Алғыс күні біздің қоғамда сенім, келісім мен достықты одан әрі нығайта берсін!

 

Алғыс айту фестивалі Алғыс айту фестивалі Алғыс айту фестивалі
Алғыс айту фестивалі Алғыс айту фестивалі Алғыс айту фестивалі
Алғыс айту фестивалі Алғыс айту фестивалі Алғыс айту фестивалі
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL