«ҰЛЫ ДАЛА ДАНЫШПАНЫ»
2020 жылғы 3 наурыз күні қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ақыны, данышпан ойшылы, философ, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала данышпаны» атты студенттер арасында сайыс өтеді. Сайыстың ерекшелігі - түрлі ұлт өкілдерінен құралған топтардың қатысуында.
Сайыстың мақсаты: өзге ұлтаралық студент жастардың арасында қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, мемлекеттік тілді жете меңгеру мен қолданылу аясын кеңейту.
Сайысқа үш факультет студенттерінен құралған «Өнерпаздар», «Жалын», «Адамның баласы» атты үш команда қатысты. Сайыс барысында командалар А.Құнанбаевтың өлеңдері мен әндерін орындап, Абай туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Сайыстың түрлі кезеңдерінде өздерінің мемлекеттік тілді жақсы меңгергендіктерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сайыс қорытындысы бойынша «Қаржы, логистика, цифрлық технологиялар» факултетінің «Жалын» тобы жеңіске жетті. Іс-шара туралы облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде мақала жарық көретін болады.