COVID-19
КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНАН САҚТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ
Сілтемелер
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫ
Қолыңызды үнемі жуып отырыңыз
Қолыңызды құрамында спирті бар құралмен сүртіңіз немесе қолыңызды сабынмен жуыңыз. Егер қолыңыздың сыртында вирус болса, қолыңызды құрамында спирті бар құралмен сүрту немесе сабынмен жуу оны өлтіреді.
Қоғамдық орындарда ара-қашықтықты сақтаңыз
Адамдардан аз дегенде 1 метр алыс тұрыңыз, егер әсіресе жөтел, тұмауратып мұрын бітелгенде және температура(дене қызуы) болған кезде. Жөтелгенде және түшкіргенде, распираторлдық инфекциямен сырқаттанған адам, вирустан тұратын ұсақ тамшыларды өзінің айналасындағыларға таратады. Егер сіз осындай адамға өте жақын тұрсаңыз, онда ауаны жұтып, дем алған кезде вирусты жұқтыруыңыз мүмкін.Мүмкін болғанынша көзді, мұрынды және ауызды қолыңызбен ұстамаңыз
Қолмен ұстау, ондағы вирусты үстіге жұқтыруы мүмкін. Инфекциясы бар қолдармен көзді, мұрынды немесе ауызды ұстау арқылы, вирусты қолдың терісінен организмге жұқтырып алуға болады.
Гигиена ережелерін сақтаңыз
Қоғамдық орындарда мүмкіндігінше медициналық бет перде киіп, оны әрбір екі сағат сайын айырбастап отыру керек. Жөтелгенде және түшкіргенде ауызды сальфеткамен немесе бүгілген шынашағыңызбен жапқаныңыз дұрыс; сальфетканы қақпағы бар қоқысқа арналған контейнерге бірден салыңыз және қолыңызды құрамында спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе қолыңызды суық сумен сабындап жуыңыз. Қоғамдық көлікте мүмкіндігінше медициналық қолғап киіп жүру керек.
Медициналық көмеккке жүгініңіз
Егер сіз Covid-19 тіркелген елде болсаңыз немесе распираторлық сырқат белгілері байқалған шет елде сапарда болған адаммен байланыста болсаңыз, бұл туралы медициналық қызметкерге хабарлаңыз.
Дене қызуының көтерілуі, жөтел және демалудың қиындауы медициналық көмекке тез арада жүгінуіңізді қажет етеді, өйткені распираторлық инфекция немесе басқа да ауыр сырқат туғызуы мүмкін.
Тыныс алу органдарының зақымдануының дене қызуының көтерілуімен бір мезгілдегі белгілерінің аса әртүрлі себептері болуы мүмкін, соның ішінде сапарда болу немесе оның басқа адамдармен байланыста болуынан жұқтырған коронавирус болуы мүмкін.
Медицина мамандарының кеңестерін орындаңыздар
Өзіңізді және айналаңыздағыларды COVID-19-дан қорғау үшін, мамандардың, орталық және жергілікті, сондай-ақ өзіңіз жұмыс істейтін ұйымдардың кеңестерін орындаңыз.
Өзіңізді-өзіңіз емдеудің қажеті жоқ. Дәрігерлерде сіздің өңірдегі COVID-19-бен сырқаттанудың динамикасы туралы аса маңызды ақпараттар бар. Олар сіздің өңірдің тұрғындары үшін жеке қорғану шаралары туралы аса тиімді кеңестер бере алады.
COVID-19 таралған аудандарда жақын уақытта болғандар үшін жеке қорғанудың шаралары
-Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, сауыққанға дейін үйде қала тұрыңыз, тіпті сізде сырқаттың жеңіл белгілері болса да, мысалы, бас ауыру немесе шамалы тұмаурату. Айналадағылармен байланыс жасамай және емдеу мекемесіне бармай, сіз осы мекемелердің жұмысына көмектесесіз және өзіңізді және айналаңыздағыларды COVID-19 немесе басқа да вирустық инфекциялар жұқтырып алудан қорғайсыз.
-Егер сіздің дене қызуыңыз жоғары, жөтел және тыныс алуыңыз қиын болса, медициналық көмекке жүгінуіңізді кейінге қалдырмаңыз, өйткені бұл белгілер распираторлық инфекциядан немесе басқа да сырқаттардан туындаған болуы мүмкін. Алдымен медициналық мекемеге телефон шалып хабарласыңыз және барлық соңғы сапарларыңыз немесе сапарда болған адамдармен байланыстарыңыз туралы айтыңыз. Телефон арқылы медициналық көмекке жүгіну мамандардың сізді ыңғайлы емдеу мекемесіне жедел жіберуге мүмкіндік береді. Бұдан өзге, бұл COVID-19 және өзге де вирустық инфекциялардың таралу мүмкіндігін болдырмауға көмектеседі.