ТБИ "Достық" Коворкинг орталығы студенттердің бизнес-инкубациялау және стартап жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша онлайн семинарға қатысуын ұйымдастырды
"QazTechVentures" АҚ және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру бойынша жол картасы аясында ТБИ "Достық "Коворкинг орталығы "студенттердің бизнес-инкубациялау және стартап жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша онлайн семинарға қатысуын ұйымдастырды.
Технологиялық кәсіпкерлік дағдыларын дамыту студенттерді нақты жобаға енгізбестен мүмкін емес. Бұл тұрғыда QTV сарапшысы Алан Утегуловтың венчурлық қаржыландыру мүмкіндіктері туралы айтқан материалы ерекше қызығушылық тудырды.
Сонымен қатар, "QazTech Ventures" АҚ Маркетинг және коммуникациялар департаментінің директоры Ш.Досмаханбет "Маркетингтегі жаңа трендтер" тақырыбында интерактивті он-лайн мастер-класс өткізді.
Бұл мастер-класс қатысушыларға:
- маркетингтегі соңғы әлемдік трендтермен танысуға;
- компания мен персоналды басқару жүйесіне жаңа көзқараспен қарауға;
- бизнесті дамыту құралдарын ашуға;
- компанияның барлық бизнес-процестерінде инновацияны қалай бастау керектігін білуге;
- Best Practice-әлемдегі ең үздік және ең табысты компаниялардың тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік берді.
Мастер-класс өте танымды және қызықты болды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз білімдерімен бөлісіп, сондай-ақ, сөзсіз, жаңа білім ала алды.