«ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША САУАЛНАМА ЖӘНЕ СҰРАУ ПАРАҚТАРЫН ДАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ» ТАҚЫРЫБЫНА ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР
2020 жылдың 14 қазанында ЭҚЗ ҒЗИ қызметкерлері екінші оқу жылының магистранттары үшін ғылыми-зерттеу тәжірибесін өту шеңберінде "Зерттеу тақырыбы бойынша сауалнама және сұрау парақтарын дайындау тәртібі" тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинар барысында бірқатар келесідей сұрақтар қарастырылды: сауалнамалар мен сұрау парақтарын жасау түрлері мен тәртібі; респонденттерді таңдау; іріктеме көлемін есептеу; респонденттерге сауалнама және сұрау жүргізу кезінде туындайтын мәселелерді шешу; сауалнама нәтижелерін өңдеу; эмпирикалық зерттеулер нәтижелерін тиімді қолдану. Сауалнамалар мен сұрау парақтарының шамалық үлгілері көрсетілді.
Магистранттарға осындай ақпарат өздерінің ғылыми-зерттеу қызметінде пайдалану үшін қажет.