Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онлайн-вебинар
2020 жылдың 30 қарашасында Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ZOOM платформасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Синтетикалық есірткінің адам ағзасына әсері» тақырыбында вебинар өткізілді.
Вебинар аясында қонақтар – Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы А.В. Бузук синтетикалық есірткілердің зияны, құқықтық аспектілері және оларды таратуға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтып берді; Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының бөлім меңгерушісі О. Ю. Бурдикова қатысушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және есірткінің адам ағзасындағы химиялық процестерге әсер етуі туралы еске салды. Қоғамдық бастаманы жүзеге асыру туралы Қарағанды қ. "Үміт" ҚБ жобалар үйлестірушісі Н.К. Жақсыбаева айтып берді.