“Желтоқсан көтерілісі– Қазақстан жастарының тәуелсіздік үшін күресі”

“Желтоқсан көтерілісі– Қазақстан жастарының тәуелсіздік үшін күресі”Тағы да Желтоқсан … Тағы да қаһармандарымызды бір еске алып қоятын сəт. Тек қана еске алып қана қоймай жалындаған жастарымыздың, жанашыр қандастарымыздың қанымен келген тәуелсіздігіміздің қадірін біліп, елімізді көркейту жастардың қолында екенін дәріптеуді мақсат тұтқан университетіміздің ӘЖ және ҚХА кафедрасының оқытшылары М.М.Базарбаева, Н.Е.Тутинова, Н.Т.Кызыловтардың ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Арнайы шақырылған дәріскер Е.А.Бөкетов атындағы ҚМУ Тарих факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, PhD доктор Н.Б.Смагулов мырза оқиғаны нақышына келтіріп түсіндіріп берді. Сонымен қоса студенттерге қазақша, орысша тілдерде бейнероликтер көрсетіліп, тарихқа үңілдіріп түсіндіру арқылы тақырыптың маңыздылығын ашып берді.
1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Шынында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді. Желтоқсаннан кейін барып Кеңес елінің түпкір-түпкірінде сан түрлі толқулардың болғаны, ақыры араға 5 жыл салып Қызыл империяның күйрегені баршаға белгілі. Тарихи әділдік пе әлде, кездейсоқтық па?
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болғаны сөзсіз.

 “Желтоқсан көтерілісі– Қазақстан жастарының тәуелсіздік үшін күресі”

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL