ҚЭУ студенттерінің Start-up жобасы жеңімпаздар қатарында болды

ҚЭУ студенттерінің Start-up жобасы жеңімпаздар қатарында болды

2020 жылғы 4 желтоқсанда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ЖОО студенттері мен магистранттарының "Үздік инновациялық start –up жобасы" атты халықаралық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты-жастарды ғылыммен және өнертапқыштықпен айналысуға ынталандыру, жұмыс нәтижелерін коммерцияландыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкерлік қызметке дайындау және нарыққа шығару.
Байқауға 47 команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ҚЭУ студенттері Жеңіс Асылтас Рамазанқызы, Кәкіш Шахризада Ертайқызы (ГМУ-18-1к), Абдрахманова Айзада Канатқызы (ГМУ-19-1к, ғылыми жетекшісі Ертай х.) start –up жобасы 3 орынға ие болды. Олар "DIGITAL UNIVERSITY" мобильді қосымшасының прототипін жасады.
Студенттерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus