ІХ Бүкілресейлік (халықаралық қатысумен) ғылыми-практикалық конференцияның жеңімпаздары
2020 жылдың 15 қазанынан 24 қарашасына дейін "Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті" Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Пермь институты (филиалы) "Қазіргі сауда: теория, практика, инновациялар" атты ІХ Бүкілресейлік (халықаралық қатысумен) ғылыми-практикалық конференция өткізді. Бұл конференцияға МЭ-42 тобының студенті Айымбетова Тана Менеджмент және инновация кафедрасының аға оқытушысы Б. Е. Бляловпен бірге белсенді қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың ғылыми жұмысы жоғары деңгейде бағаланды. Тана Айымбетова үздік баяндамасы үшін қатысушы сертификатын және 1 дәрежелі диплом алды. Конференцияны өткізудегі ынтымақтастығы үшін алғыс хаттар Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры э.ғ.д., профессор Аймағамбетов Е.Б. және Менеджмент және инновациялар кафедрасының аға оқытушысы Блялов Б. Е. атына келді.
Біздің қатысушыларды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!
Благодарность Руководителю.pdf | 495 Кб |
Диплом.pdf | 690 Кб |
Сертификат.pdf | 474 Кб |