«Студенттік инновациялық жобалардың бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптар» атты мастер-класс
05 ақпан күні "Достық "Коворкинг орталығы" ТБИ студент жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес ЭҚЗ ҒЗИ директоры, з.ғ. д., профессор Т.А. Ханов ZOOM платформасында "Студенттік инновациялық жобалардың бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптар"тақырыбында мастер-класс өткізді.
Мастер-класс Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті студенттерінің дайын бизнес жобалар мен старт-ап жобалар конкурсына дайындық шеңберінде өткізілді.
Кездесу спикері студенттер мен жоба жетекшілерін жобаны жазудың теориялық ерекшеліктерімен таныстырып, оның құрылымы туралы айтып, дұрыс және құрылымдалған студенттік жобаны жазудың қадамдық нұсқаулығымен бөлісті. Сондай-ақ, Талғат Ахмадзиевич жұмыстың маңыздылығын қалай дұрыс негіздеу керектігін, мәселені қалай қою керектігін айтып, кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауап берді.