«Бір халық - бір ел - бір тағдыр»

«Бір халық - бір ел - бір тағдыр»

“Әлеуметтік жұмыс және ҚХА” кафедрасы 1 наурыз “Алғыс ату куніне” және Қазақстан халқы Ассамблеясының 26 жыл толуына орай студент жастары арасында азаматтық борыш пен патриоттық сезімді дамыту мен өз Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыра отырып, тарихына және мәдениетіне, Қазіргі Қазақстан тарихына мақтанышын сезімдерін қалыптастыра отырып, сонымен қатар Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізген болатын.
Іс-шара қатысушылары мен ұйымдастырушылары тағы бір рет мерекенің бастамашысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Бір халық» - бұл баршаға ортақ ұлттық мүдде екенін тағы бір рет еске салған болатын. «Бір ел» - бұл біздің Отанымыз, барлығымыз үшін бір. «Бір тағдыр» - бұл біз бірге өтіп, бірге жеңген қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ перспективамыз – әл-ауқатты және гүлденген Қазақстан!
Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамаларында Азин Ш. (ӘЖ-18-1к) «Мәдени мұра Мәңгілік ел идеясының құндылығы ретінде», Алпысбай Д. (ӘЖ-20-1к) «Рухани жаңғырудың болашағы», Абдикаримова А. (ӘЖ -20-3қ) «Мәдени мұра-мәдени құндылық», Погорелова А. (ӘЖ-20-4қ) «Абай Құнанбаев мұрасы», Қабыкен Н. (АЖ-19-1к) «Қазақстандағы ұлтаралық келісім», Абылхасынова А. (Ю-20-2) «Қазақстан халқы Ассамблеясы», ұйымдастырылған мерекенің үлкен мағыналық мәнінің негізі Қазақстан халқын біріктіруі, Қазақстан халқының ізгі ниеті мен бейбітшілігінің көрінісін көрсетеді.

«Бір халық - бір ел - бір тағдыр»

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL