«Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу»

«Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу»2021 жылдың 10 наурызында «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес және бірінші курс магистранттарының педагогикалық тәжірибесі шеңберінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің №1 жатақханасында «Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараны кафедраның тәрбие жұмысына жауапты магистр, аға оқытушы Мусипова Л.К. және «Есеп және аудит» білім бағдарламасының 1 курс магистранты Назаргалиев Т. Ұйымдастырған. Сондай – ақ іс-шараға тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары А.Е. Томашинова қатысып, талқылауға белсенді қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты студенттерге тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның түрлері, себептері, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылардың жазасы, сондай-ақ заңнамалық жүйеде осы мәселеге қатысты кемшіліктер туралы ақпараттандыру болды. Студенттер тақырыпты белсенді түрде талқылап, өз пікірлерін және көзқарастарын бүгінгі таңдағы өзекті болып саналатын тақырыптардың бірі ретінде қарастырып, мәселені шешудің жолдарын атап өтті.

 

«Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» «Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу»
«Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» «Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу»

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL