"Менеджмент және инновация" кафедрасында ҚР Президентінің жолдауы талқыланды
2021 жылдың 10 қыркүйегінде "Менеджмент және инновация" кафедрасында кафедраның ПОҚ, факультет деканы Г.И. Гимранованың және "Менеджмент" білім беру бағдарламасының магистранттарының қатысуымен Президенттің 01.09.2021 жылғы "Халық бірлігі және жүйелі реформалар –елдің өркендеуінің берік негізі"атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша жиналыс өтті.
Жиналысты кафедра меңгерушісі Салауатова Д.М. ашып, жолдаудың негізгі мәселелерін ұсынып, ел дамуының жаңа міндеттерін белгіледі. Іс-шара барысында э.ғ. д., профессор Сихимбаева Д.Р., э. ғ. д., профессор Притворова Т. П., магистр, оқытушы Зұлхарнай А. Н. сөз сөйледі.
Жалпы жиналғандар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдағы этносаралық келісім жағдайында мүмкін болатын пандемиядан кейінгі кезеңде қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүйелі реформаларды іске асыруға бағытталған Үшінші Жолдауының стратегиялық сипатын атап өтті.