Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Қазақстандағы білім беру мен психологияны дамытудың ұлттық басымдықтары» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Қазақстандағы білім беру мен психологияны дамытудың ұлттық басымдықтары» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Биыл елімізде көрнекті қазақ педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы кеңінен атап өтілуде. Біздің университет те өз үлесін қосты.

Инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін қолдану тәжірибесі, білім берудегі менеджментті жетілдіру жолдары, педагогикалық мұраның тарихи маңызы. Ы. Алтынсарин және ұлттық тәрбиенің тиімді тәжірибелері, сондай-ақ психологиялық практиканың қазіргі жағдайы мен даму үрдістері 2021 жылғы 12 қарашада «Қазақстандағы білім беру мен психологияны дамытудың ұлттық басымдықтары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды.

Конференция Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті және «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ ұйымдастыруымен өтті, конференцияны ұйымдастыру комитеті – «Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы.

Жалпы білім беретін мектептер мен ТжКБ ұйымдарының педагогтері, әлеуметтік педагогтер, практик психологтар ұсынған материалдардың жоғары кәсіби және ғылыми деңгейін, мазмұндылығы мен өзектілігін атап өткен жөн. Конференцияға қатысушылар ұйымның жоғары деңгейін, іс-шараның шығармашылық және  жанды атмосферасын, пайдалы, жан-жақты ақпарат пен практикалық мысалдардың кең көлемін атап өтті. Конференция педагогикалық қоғамдастық, білім беру қызметкерлері мен психологтар үшін маңызды оқиға болды.

Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Қазақстандағы білім беру мен психологияны дамытудың ұлттық басымдықтары» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияЫ.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Қазақстандағы білім беру мен психологияны дамытудың ұлттық басымдықтары» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

 

Скачать этот файл (сборник конференции.pdf)сборник конференции.pdf  
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL