Қазтұтынуодағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті
2021 жылдың 26 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференцияны Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.
Конференция дәстүрлі уақытта емес, сағат 12-де басталды. Бұл пленарлық отырыстың баяндамашыларының көпшілігі уақыт айырмашылығы 3-4 сағатты құрайтын Ресей Федерациясының Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Гомель қалаларының еуропалық бөлігінен болғандығына байланысты болды.
Конференция қатысушыларына арнап, ғылыми-зерттеу және интеграциялық қызмет жөніндегі проректор э.ғ.д., проф. Г.Е. Накипова құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық отырыста ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті академигі, з.ғ.д., профессор Б.М. Нұрғалиев (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті), РФ Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, з.ғ.д., проф. Т.С. Волчецкая (Кант атындағы Балтық Федералды университеті, Калининград), э.ғ.д., проф. С.Н. Гришкина (РФ Үкіметі жанындағы қаржы институты, Мәскеу ), п.ғ.д., профессор А.Н. Григорьев және оқытушы Е.А. Кот (РФ ІІМ Санкт-Петербург университетінің филиалы), з.ғ.к., доцент Панькина И. Ю. және магистрант Джолы В.А. (Балтық Федералды университеті). (Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университеті, Мәскеу), Рябенькая Н.Л. (Краснодар өлкесінің қадағалау бөлімінің прокуроры, РФ), ф.ғ.к., доцент Турсунов Ф. А. (Сібір тұтыну кооперациясы университеті, Новосибирск қ.) сөз сөйледі.
Пленарлық отырыс және баяндамаларды талқылау аяқталғаннан кейін конференция жұмысы секциялық отырыстарда жалғасты.